Жаңбыр, найзағай, қатқақ: 8 қыркүйекте құбылмалы ауа райы сақталады

356

0

Сурет ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері 8 қыркүйек, жұмаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғысынша атмосфералық фронттардың ықппалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Тек елдің шығысынды жауын-шашын жоқ. Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жауады.

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<