Жасампаз жобалардың келісті келбеті

136

0

Қызылордаға жұмыс сапарымен келген делегация мүшелері қаладағы бірқатар әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен қайта жаңғыртудан өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы назарға ұсынылып, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына аялдады. Ондағы жасөспірімдер талабын ұштауға бағытталған жобаларға жоғары баға берді.

«Анаға тағзым» орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ананы құрметтеуге үндейтін жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінде болып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін ұсынылған жаңа мүмкіндіктерді тамашалады.

Сол жағалаудағы 11 мың орындық жаңа стадион да назардан тыс қалмады. Мұнда спорт инфрақұрылымының жетістіктерімен танысқан делегация мүшелері алып спорттық нысан жастар және бұқаралық спортты дамытуға үлкен ықпал ететініне тілектестік білдірді.

Одан кейін делегация облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Сыр өңірінің бай тарихы және мәдени мұраларына қанықты. Өңірлерден келген қонақтар өзара тәжірибе бөлісіп, алдағы жоспарларды талқылады, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.

«СБ» ақпарат