Жастар мен жалған мотивация: Tiktok-пен тоқтау мүмкін бе?

218

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазіргі таңда мотивация сөзі – жастардың күнделікті лексиконына сіңіп кеткен ұғым. «Жетістік», «көтеріл», «ешқашан берілме» деген тіркестерді TikTok пен Instagram-нан күн сайын көріп жүрміз. Жаңа заманның оянған ұрпағы мотивация іздеумен, шабыт аңдып, табысқа жетудің «5 қадамымен» өмір сүріп келеді. Бірақ, шын мәнінде, бұл шексіз мотивация ағыны – бізді алға жетелей ме әлде рухани құрдымға жетелеп жатыр ма?

TikTok-тағы түрлі бейнелер – мотивация емес, қысқа әрі жыл­тырақ иллюзиялар ғана. Олар жас­тардың армандарына емес, алго­ритмге бағытталған. Бұл кон­тенттер, негізінде, жастардың се­ні­міне кіріп, жалған үміт туды­рады. Өкінішке қарай, бұл ви­део­лардың көбі шындықпен жа­нас­­пайды. For­bes журналының зерт­теуі бо­йын­ша, TikTok-тағы мотива­ция­лық контенттің 67%-ы нақты тә­жірибеге емес, визуалды әсер мен эмоционалды манипуляцияға негіз­делген.

Танымалдылықты қуалаған біржақты шаблондар жастардың ішкі сенімін әлсіретіп, өзін басқа­лармен салыстыруға итермелейді. Бұл салыстыру өз кезегінде бәсекеге қабілеттілікті емес, сенімсіздікті арттырады. Мотивация сырттан ке­летін шабыт емес, ішкі жүйеге негізделген табандылық. Ал TikTok-та көретін бейнелер — шынайы жетістік емес, сценарий бойынша қойылған спектакль. Жетістікке жету жолындағы шынайы кадрлар емес, монтаждалған үзінділер.

Мотивацияны экраннан емес, әрекеттен іздейтін кез келді. Мо­тивация – «ертең бәрі жақсы бо­лады» деген жалған үміт емес, нақты мақсат пен жоспардың нәтижесі. Адам әрекет арқылы дамиды, ал шексіз мотивацияны көру оның қолын байлайды. Бұл құбылыс бір сәттік дофамин беріп, ұзақ мер­зімді әрекетке итермелемейді. Осы­лайша жастар бейнелерді көре-көре өз уақытын, жүйкесін және арман­дарын жоғалтады.

Психологтар айтып өткендей, TikTok-тағы жалған мотивация – жастар арасындағы импостер синд­ромын күшейтеді. «Неге мен де сондай емеспін?», «Менің өмі­рім неліктен сәтсіз?» деген ішкі сұ­рақтар адамды күйзеліске әкелуі мүмкін. Қазақстанда жүргізілген 2023 жылғы зерттеуге сәйкес, жастардың 54%-ы әлеуметтік  же­лідегі «жетістікке толы өмірді» кө­ріп, өзін төмен бағалай бастайтынын айтқан. Бұл көрсеткіш цифр ғана емес, ұрпақ тағдырына төнген нақ­ты қауіптің көрінісі.

Мотивацияны сырттан іздеуді доғаратын сәт жетті. Бүгінгі ұрпаққа мотивациялық бейнелер емес, та­бандылық, білім және өзіне деген сенім қажет. Бұл құндылықтар — фильтрсіз, трендсіз, шынайы. Жал­ған үмітке емес, шынайы еңбекке сенетін уақыт жетті.

TikTok – сағаттық шабыттың көзі ғана, ал сенің өмірің – ұзақ мерзімді сапар. Сол сапар­дың ба­ғыт-бағдарын жал­ған жарқы­раған кадрлар емес, сенің нақты шешім­дерің мен адал еңбегің белгілейді. Алдыңда тұр­ған экран емес, өзің­нің ішкі жары­ғың саған жол сілтеуі тиіс. Жалған мотивацияның тұманынан шығатын кез келді.

Анеля ЖҰМАБЕК,

125 High School YBYRAI

ULTTYQ MEKTEBI

11-сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<