Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында облыстық шара өтті. Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқу, тәрбие ісінен шет қалдырмай, оларға материалдық көмек көрсету. Бұл жаңа оқу жылында әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Шараға қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық төрайымы Райкүл Байназарова, қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Орынша Әлімбетова, «Nur Otan» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есенжол Назаров және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Жандос Базартай қатысты. Акция барысында Қорқыт ата университеті қызметкерлерінің демеушілігімен 20 бүлдіршінге сый жасалды. Ал облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Райкүл Байназарова 20 балаға, қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Орынша Әлімбетова 80 оқушыға, мектеп директоры Айгүл Мұсабаева 10 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасын және спорттық киімдер сыйға тартты. Осылайша балалар қуанышы еселенді. Акция шеңберінде оқушыларға қолдау көрсету алдағы уақыттарда да жалғасын табады.
Б.ЖАҚСЫЛЫҚ,
мектеп директорының орынбасары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<