Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Жиынға жауапты сала басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты.
Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға, олардың нәтижесіне тоқталып, алдағы міндеттерді айқындады.
– Әлеуметтік азық-түлік бағасын реттеуді, тазалық, абаттандыру жұмыстарын, газ тапшылығын болдырмауды жіті бақылауға алыңыздар. Қажет болса, нақты шаралар қабылдау керек. Жауапкершілік бірінші басшылардан сұралады, – деді облыс әкімі.
Басқосуда жауапты тұлғаларға жыл аяғында межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін атқарылатын жұмыстарға байланысты міндеттер жүктелді.





