Жедел әрекет жұмысты ширатады

5

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев полиция департаменті Жедел басқару орталықтарының және цифрлық технологиялар басқармасы Жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты.

Қызылорда қаласының Жедел бас­қару орталығы 2006 жылы құ­рылған. Кезең-кезеңімен 272 бейнебақылау камерасы орнатылып, жұмыс жасауда.

Аудан орталықтарындағы Жедел басқару орталықтары келіп түсетін ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыру үшін департаменттің 7 аудандық полиция бөліністерінің кезекші бөлімдерінде 2024 жылы құрылды. Оған 2 млрд 240 млн теңге бөлініп, 539 бейнебақылау камерасы мен 49 стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылып, іске қосылды.

Қызылорда қаласына қосымша 1400 бейнебақылау камерасын және 20 мекенжайға 80 зияткерлік қиылыс, 58 мекенжайға 96 стационарлық жылдамдық өлшегіш қондырғы, жасанды интеллект функциясы бар бейнеаналитикалық жүйе орнатуға және орталықты қайта жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлініп, келісімшарт жасалды.

Қазіргі таңда бейнебақылау каме­ралары интеграцияланып, толық іске қосу үшін жұмыс жүргізілуде. Стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылар «ЕРАП» жүйесіне қо­сылып, жұмысын бастап кетті.

Қызылорда облысы бойынша «Көмек-112» және «Көмек-109» авто­мат­тандырылған ақпараттық жүйелерін Бас прокуратураның «Цифр­­­лық қадағалау» бірыңғай ақ­парат­тық-талдау жүйесімен интегра­ция­лау толық аяқталды.

2021 жылғы қаңтардан бері 112-Бірыңғай кезекшілік-диспет­чер­­лік қызметі 24/7 режимінде 101, 102, 103, 112 шұғыл қызметтердің қоңы­­рау­ларын қабылдап келеді. «Kөмек-112» автоматтандырылған ақ­параттық жүйесіне 2021-2026 жылдар аралығында 1 263 173 қоңырау тіркелген.

2020 жылдан бері Қызылорда қаласында, ал 2023 жылдан бері облыс аумағында 109 бірыңғай нөмірі арқылы коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер қабылданады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 856 549 қоңырау түскен.

Аймақ басшысы бірінші кезектегі басымдық тұрғындардың қауіпсіздігі екенін айтып, орталықтар жұмысын жетілдіруге қатысты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі