Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесі қызметкерлерінің кәсіби даярлықтарын шыңдау сабақтары жүйелі жүргізілуде. Жыл басынан мекеменің жеке құрамымен 25 сабақ өткізілді.
Кәсіби даярлау сабағында күрестің жауынгерлік тәсілдері, дене шынықтыру даярлығы сабағы, практикалық ату машықтарын пысықтау, әлеуметтік-құқықтық пәндер бойынша сабақтар қамтылады.
Бүгін де кадр саясатының тобының ұйымдастыруымен барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жеке құрамға Макаров тапаншасынан ату сабағы өткізілді.
– Қызметкерлер заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ғана біліп қоймай, дене шынықтыру даярлықтарын шыңдаулары, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын қолдана алулары, ал ең бастысы – дағдарыс жағдайларында және штаттан тыс жағдайларда тиімді іс-қимыл жасай алулары тиіс. Бүгінгі ату сабағы кезінде, қызметкерлердің Макаров тапаншасын дұрыс қолдана білуі, нысанға дәл тигізу мен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларына ерекше назар аударылды. Тапаншадан ату бойынша қызметкерлер норматив бойынша нысанаға дәл тигізіп, мергендігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдей алды, – дейді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<