Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті

4

0

Сыбайлас жемқорлық – мем­лекет дамуын тежейтін, қоғам­дық сенімге нұқсан келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ел көлемінде бұл құбылысқа қарсы кешенді шаралар қабылданып, ашықтық пен әділдік қағидат­тары нығайтылуда.

Сыбайлас жемқорлық – мем­лекеттік басқару жүйесін­дегі ең қауіпті әлеуметтік құбы­лыс­тардың бірі. Ол әкім­шілік рә­сім­дердің тиімді­лігін төмен­детіп қа­на қоймай, эконо­ми­ка­лық өсімге айтарлықтай кері әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, жем­қорлық фактілері ең алдымен мемлекеттік органдарға деген сенімнің әлсіреуіне әкеледі. Заң үстемдігі сақталмаған орта­да әлеуметтік теңсіздік күшейіп, бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалу қаупі артады. Мұн­дай жағдайлар қоғам­да­ғы әділ­дік принциптерін бұзып, аза­мат­тардың белсенділігіне те­ріс ықпал етеді. Мәселенің туын­­да­уына әсер ететін негіз­гі себептердің қатарында бақы­­лау мен есептілік деңге­йінің жет­­­кіліксіз­дігі, ашық­тық­тың төмендігі, сыбайлас тәуе­­кел­дер­дің алдын алу жұмыс­­тарының әлсіздігі және құқықтық мәде­ниеттің жеткілікті қалып­тас­пауы бар. Мемлекет тарапынан бұл бағытта жүйелі шаралар жүзеге асуда. Соның ішінде мем­лекеттік қызметтердің цифр­ландырылуы, сатып алу про­цестері ашықтығының күшеюі, профилактикалық түсіндіру жұ­­мыстарының артуы және мем­­лекеттік қызметшілерге қо­йы­латын әдеп талаптарының кү­шеюі – жем­қорлық тәуе­кел­дерін едәуір қысқартты.

Азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі де ерекше. Қоғамдық бақылаудың артуы, ашық талқылаулардың жиілеуі және азаматтардың құқықтық сауатының жақсаруы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мә­де­ниетін қалыптастыруға негіз болуда.

Сыбайлас жемқорлықпен кү­­рес – ел дамуының маңызды шарты. Әрбір азаматтың адал­дығы мен белсенді азаматтық ұстанымы, сондай-ақ мемле­кет­тік органдардың ашық әрі жауапты жұмысы – әділетті қоғам құрудың негізі болып табылады.

Аслан НҰРЛЫБЕК,

Ауыл шаруашылығы

министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік

инспекция комитетінің

Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының басшысы