Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте жергілікті бюджеттің орындалу барысы және салық базасын ұлғайту мәселелері талқыланды.
2025 жылға жергілікті кірістердің жоспары 2 306,2 млн теңгеге бекітілген. Кірістер жоспары 21 мамырға 107,9 пайызға артқан. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кірістер түсімінің өсу қарқыны 104,6 пайызды құрап отыр.
Тіркелмеген мүлікті түгендеу және қайта бағалату жұмыстары нәтижесімен есепті кезеңге 34 кәсіп субъектісінен 13,1 млн теңге түсім түсті.
Аудан әкімі мәжіліс барысында жауапты бөлімдерге салық түсімдерін тұрақты бақылауда ұстап, жергілікті кірістердің одан әрі ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






