ЖЭО облыс аумағын электр энергиясымен толық қамтиды

301

0

Фото: ашық дереккөз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин жаңа электр орталығың жұмыс барысын баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша электр орталығындағы негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, бүгінде газотурбиналық қондырғылар мен жылу қазандығы құрылыс алаңына жеткізілген. Жаңа жылу электр орталығы облыс аумағын электр энергиясының қажеттілігін толығымен қамтып, артылғанын басқа өңірлерге жіберуге мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвесторы «Акса Энерджи» түрік компаниясы болып табылады. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан жылу орталығының құрылысына инвестиция салынды. Станцияны 2025 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, бюджет есебінен жылу электр орталығын газбен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге жұмыстар 80 пайызға орындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<