Жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
— 16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түзсіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібекті іздестіріп жатқаны туралы жазған едік.






