Жолаушылар тасымалы – жауапкершілігі жоғары жұмыс

104

0

Фото: Қала әкімдігі

Қоғамдық көлікті жүргізу кез келген жанның маңдайына жазылмаған. Оның да өз адамы бар. Соған сай қалаішілік жолаушылар тасымалына мейлінше тәжірибелі жүргізушілер тартылған. Солардың бірі – Бақытжан Құрақбаев.

Шыны керек, сыйымдылығы үлкен автобустарды тізгіндеуде оларға жүктелер жауапкершілік өте жоғары. Автобустың техникалық қауіпсіздігінен бастап, ішкі-сыртқы тазалығы бар, жолаушыларды діттеген жеріне аман-есен жеткізуге дейінгі үлкен мақсат жүргізушінің толықтай міндетіне кіреді. Бақытжан осы міндетті адал атқарумен қатар жолаушыларға жылы қарым-қатынас жасауды ұмытпайды. Бұл бітім-болмысына байланған борышы секілді.

Жолаушылар тасымалы - жауапкершілігі жоғары жұмыс

Ол 2016 жылдан бері «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-де жұмыс істейді. Оған №12 бағытта жүретін автобус тізгіні тапсырылған.

Біз жүргізушінің, яғни еңбек адамының бір күндік жұмыс жоспарын сараладық. Автобустың алғашқы бағыты бойынша таң бозынан ұйқыдан тұрып, көлікті барынша дайындайды. Жанар-жағар майын құйып, салонды жылытады. Халықтың жұмыс пен балалардың оқуға кешікпей баруы үшін уақытпен үндесе отырып, дер шағында қызмет көрсетуге жолға шығады. Аялдамадағы, жол бойы келе жатқан балалардың тоңып қалмауын қамтамасыз етіп, оларды жылы салонға мінгізеді. Міне, осындай жанашыр әрекетіне жолаушылар да құрметпен қарайды. Бақытжанның берекелі ісін бағалауға тұрарлық екенін көзбен көрген соң біз де оған ерекше ілтипат білдірдік.

Жолаушылар тасымалы - жауапкершілігі жоғары жұмыс

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<