«Құрмет» орденінің иегері, бірнеше кітаптың авторы, қоғам қайраткері Сәпен Аңсаттың жаңа еңбегі «Жүрегіме жеткен жыр» оқырман қауымға жол тартты.
Бұл еңбекте қазақ руханиятының асқақ жыршысы, қазақ поэзиясының дарабозы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы кеңінен талданған. Автор ұлы ақынның әрбір өлеңін зерделей отырып, оның халыққа жеткізбек болған мәңгілік мұратын, ұлттық болмысты айшықтаған ой-өрісін, адамгершілік пен махаббатқа толы жүрегін шынайы талдаумен паш етеді. Еңбекте ақын шығармашылығы тақырып-тақырыпқа жіктеліп, достық пен адалдық, шындық пен махаббат, ұлттық құндылық пен адам өмірінің мәні терең талданады. Әрбір тарау оқырманды ойлануға, жүрекпен сезінуге, ұлт рухына жақындауға жетелейді.
«Жүрегіме жеткен жыр» – жай ғана әдеби талдау емес, ұрпаққа үндеу. Бұл кітап арқылы біз Қадыр жырларынан өмірге дем беретін сәулені, рухқа қуат беретін күшті, жүрекке үміт сыйлайтын асылды табамыз.
Бұл – ұлттық әдебиеттің ұлы мектебінен тағылым іздеген жан үшін қымбат қазына, жүрекке жеткен жырдың мәңгілік шуағы.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
«Сыр бойы»





