Жұмыла көтерсек, жүк жеңіл

794

0

Фото: автордан

Қарғын су қажытып, ел еңсесін басқан ауыр кезеңде мемлекет бақылауы мен қолдауы керек-ақ.

Бұл халықтың жақсылыққа деген үмітін оятары белгілі. Оның үстіне суда қалған қаншама мүлік пен баспана жайын, көрсетілетін көмек бағытын тікелей Президенттен есту кім-кімге болсын сенім сыйлары анық.


Сондықтан бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тасқын су салдарынан туындаған жағдайға байланысты үндеуінің маңызы зор.

Маңыздысы, Мемлекет басшысының әрбір зардап шеккен азамат назарда болатыны әрі баспанасыз қалған азаматтардың тиісті жәрдем алатыны туралы айтуы көңілге жылу ұялатты.


Бірлессек, бағындырар белес көп. Жұмыла көтерсек, жүк жеңіл. Сондықтан осынау қиын-қыстау кезеңде ауызбіршілік танытып, бір-бірімізге қолдау білдірейік. Елдің амандығы мен халықтың саулығынан асқан құндылық жоғын дәлелдеген шақта бірлесе әрекет етейік.

Рамазан ТАЙМАНОВ,
композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
«Қызылорда облысының Құрметті азаматы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<