Жұмыс тобы құрылды

391

0

Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясында көзделген шаралардың іске асырылуына полиция департаменті де үлесін қосуда. Елді мекендердегі қалдықтарды жою, абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алуда тиісті профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руслан Әлдешов айтып берді.

Полиция қызметкерлерінің міндеті – қоғамдық ортаны ластағандарды, абаттандыру қағидаларын бұзғандарды, стихиялық қоқыс орындарын және олардың пайда болу көздерін анықтау және алдын алу.

Осы орайда жергілікті полиция қыз­ме­тінің табиғатты қорғау полициясы  ұйым­дас­ты­рушылық-талдамалы бөліністерімен бір­лесіп, жұмылдырылған күштер мен құрал­дарды үйлестіру және атқарылған істі талдау үшін жұмыс тобы құрылды.

Брифингте Р.Әлдешов жыл басынан бері  5051 әкімшілік құқықбұзушылық анық­талғанын айтты.

– Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы  бойынша  3434 құқық­бұзушылық тіркеліп, 412 860 теңге айыппұл салынды. Ал кодекстің 434-2 бабы бойынша  1617 құқықбұзушылық анықталып, 44 млн теңгеден астам айыппұлдың 22 млн 65 мыңы мемлекет пайдасына өндірілді. Стихиялық қоқыс орындары анықталған жағдайда құжат жинақталып, экология департаментіне жолданады,– деді ол.

Қазіргі уақытта «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»