Жұмысшы мамандардың саны артады

137

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атады. Қазіргі таңда, өңірде 28 колледж бар. Оның ішінде 19 колледжде 45 мамандық 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов айтты.

Аймақта студенттердің 35,7 пайызы жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатыр.

– Облыстық білім басқармасы Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы 9 сыныпты бітірушілердің жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайызтегін кәсіптік біліммен қамту жоспарланған болатын. Осыған орай, келесі жылға республикалық бюджеттен 2200 орын, жергілікті бюджеттен 3108 орын, барлығы – 5308 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр, – деді Бағдат Бердәулетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<