Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жәрмеңке өтті

322

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ, облыстық жұмыспен қамты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, Еңбек мобильді орталығы және «Мансап» орталығының бірлесіп, жұмысшы мамандықтар жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге 24 жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге 240-қа жуық жұмыс орындарын ұсынды. Қатысушыларға кәсіптік бағдар беріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ келушілерге жергілікті кәсіпкерлер көрме ұйымдастырып, азық – түлік пен түрлі бұйымдарды паш етті.

Іс-шараға партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Гүлшат Мұсаева қатысып, жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<