Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен биыл 2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес жыл көлемінде атқарылатын іс-шаралар мен жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Мәжілісте аудан әкімі бүгінгі қоғамда еңбек адамына деген құрметті дәріптеу, жұмысшы мамандықтарын насихаттау, беделін көтеру, жұмысшы мамандықтарға деген жастардың қызығушылығын арттыру бағытында бірлесе жұмыс атқару қажеттігін ескертті. Әсіресе бұл жұмыстарды мектеп қабырғасынан бастап қолға алып, оқушыларды бүгінгі заман талабына қажетті мамандықтарды дұрыс таңдай білу жөнінде мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізу керектігін айтты.
Сонымен қатар аудандағы кәсіптік білім беретін 3 оқу орнының басшыларына бүгінгі күннің талабына сәйкес мамандар әзірлеу – басты талап екенін айтып, кәсіптік және техникалық білім беру талаптарын осы бастан күшейтіп, білім сапасын қадағалау қажеттігі жөнінде тапсырма берді.
Айта кетейік, бүгінде Қазалы ауданы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 3 колледж жұмыс жасауда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<