Жұмыстарды күшейту керек: Берік Сәрменбаев ауыл әкімдеріне тапсырма берді

82

0

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмауға қатысты мәжіліс өтті, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Оған аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, құқық қорғау органдарының басшылары мен білім қызметкерлері, «ЗУМ» арқылы ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз мәліметінің хабарлауынша, мәжілісте аудан басшысы балаларға саналы тәрбие беру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелері бүгінгі таңда өзекті екенін атап өтті.

– Оқу жылындағы ІІ тоқсан аяқталып, қазір оқушылар кезекті демалыста. Олардың демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастырып, құқық бузышылыққа жол бермеу үшін күнделікті рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуді қатаң тапсырған болатынмын. Бұл жұмыстарды күшейту қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан басшысы әрбір бала үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі атқаруды ескертті. Бұдан бөлек, өскелең ұрпақ пен жастарға зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, «Аналар кеңесі», «Әкелер мектебі» мен ата-аналар комитетінің жұмысын жандандырып, бала тәрбиесіне тек ата-ана, мұғалім ғана емес, қоғам болып атсалысу керектігін тілге тиек етті. Жиын қорытындысында аудан әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<