Жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды

3

0

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, пен облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тлеумбетов, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Қожаниязов,зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің ашылу салтанатына қатысты.

Аймақ басшысы саладағы жаңа­шылдықтарға, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Президентіміз «Денсаулық сақ­тау жүйесін дамыту, ең алдымен, аза­мат­тардың әл-ауқатын көтеруге бағыт­тал­ған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – еліміздегі өмір сапа­сы­ның негізгі көрсеткіші» деген болатын.

Мемлекет басшымыздың тапсыр­ма­сымен, Үкіметтің қолдауымен ден­саулық сақтау саласын дамытуға, халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асуда.

Ұлт саулығы – мемлекетіміздің не­гізгі капиталы десек, баға жетпес қазы­наны қызғыштай қорып жүрген меди­цина саласы қызметкерлерінің адал ісін жоғары бағалаймыз, әрдайым құрметпен қараймыз.

Ел игілігіне табысталатын жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты, ондағы дәрігерлер науқастың дертіне дауа, көңіліне рауан беріп, халық ықыласына бөленеді деп сенеміз, – деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты жиында ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан меди­ци­на саласының қызметкерлері мен мер­дігер мекеменің құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен мара­пат­талды. Наурызбай Байқадамов, Риза­бек Ожаров  сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуымен құт­тықтады.

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің құры­лысы қайтарылған активтер есебі­нен 2,3 млрд теңгеге қаржы­лан­дырылды. Оған қоса аудандық аурухана жанынан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғыр­ту» ұлттық жобасы аясында кардиоло­гия және инсульт бөлімшелері орна­лас­қан қосымша құрылыс аяқталып, халық игілігіне берілді. Оған да қайтарылған активтер есебінен 2,1 млрд теңге бөлінді.

Кейінгі уақытта 206 млн теңгеге құрал-жабдықтар алынып, ауру­хана­ның материалдық-техникалық базасы нығай­тылды. Енді аудан тұрғындары облыс орта­лығына немесе басқа қала­ларға сабылмай, сырқат­тан­ған­дарға маман­дан­дырылған көмек көрсету үшін ашыл­ған жергілікті жердегі бөлімшеде толыққанды ем алады.

Айта кетейік, соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына 450 млрд 100 млн теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. «Ауыл­да денсаулық сақтауды жаңғыр­ту» ұлттық жобасы аясында барлық ау­данда 28 медициналық нысан салынды.

Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана бой көтеруде, 4 аудандағы орталық ауруханалар жа­нынан қосымша ғимараттар ашылды.

Өткен жылы Шиелі ауданында жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталған болатын. Қызылорда қаласынан 200 орындық перинаталдық орталық пен 500 орындық емхана салуға Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Жақын күндері құрылысы басталады. Бұдан бөлек, 400 орындық емхананың да іргетасы қаланады.

Тұрғындар сұранысына сәйкес соңғы екі жылда жергілікті бюджет қаржысына 225 жаңа санитарлық автокөлік, 45 жедел жәрдем көлігі алынып, пай­далануға берілді. Барлық елді мекендегі денсаулық сақтау меке­мелері арнайы қызметтік автокөлікпен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Кейінгі жылдары 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткізілді, 15 млрд теңгеге медициналық құрал-жаб­дық­тар сатып алынды. Жабдықталу дең­гейі 2022 жылы 83,2 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 90,2 пайызға жетті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі