Жыл соңына дейін 5 елді мекен табиғи газға қосылады

336

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 75 пайызды құрады. Бұл бағытта 24 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан қаржы бөлінген.

– Жыл басынан бері алты елді мекен газға қосылып, облыс бойынша газдандырылған елді мекендердің саны 41-ге артты. Жыл соңына дейін бес ауылдық елді мекенге табиғи газ беріліп, облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газдандырылған елді мекендер саны 46-ға жеткізілетін болады, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.

Айта кетейік, келесі жылы Шижаға, Ақтан батыр, Дүр Оңғар, Шаған, Н.Ильясов, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Сабалақ ауылдарын табиғи газға қосу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<