Қызылордадағы NIS-те «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арнап Ашық есік күні ұйымдастырылды. Қонақтар үшін шеберлік сағаттары, спорттық жарыстар және көңілді ойындар өткізілді, бұл олардың достық қарым-қатынастарын нығайтуға мүмкіндік берді.
Балалар киіз басу өнерін меңгеріп, жатақхана педагогтерінің жетекшілігімен ерекше туындылар жасады. Сонымен қатар, олар ағашты ою, робототехника негіздерімен танысып, дамытуға бағытталған тренингтерге қатысты.
Сондай-ақ футбол мен волейболдан жолдастық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар уақыттарын көңілді әрі белсенді өткізді.
Шара соңында тәрбиеленушілерге NIS оқушыларының ата-аналары дайындаған тәтті сыйлықтар табысталды.






