Жылыту маусымы: Улы газбен улану қаупі артқан

343

0

Фото: jpeg

«Qazaq Gaz Aimaq» АҚ ауа-райының өзгеруіне және жылыту маусымының басталуына байланысты улы газбен улану қаупі артқанын ескертеді.

Өкінішке орай, статистика бойынша жыл сайын табиғи газды тұтынушылары бұл ескертулерге немқұрайлы қарайтынын көрсетеді.

Газ қызметкерлері үшін анықталған нәрсе – орын алған қайғылы жағдайлар, негізінен, газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады. Оған себеп – зардап шеккендердің жылыту құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарауы, оларды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, тамақ дайындауға арналған газ жабдығымен үй-жайларды жылытуы, техникалық қызмет көрсетуді орындамауы, мұржаның түтін тартуын тексермеуі.

Ауа желдетілуі жеткілікті қамтамасыз етілмеген үй-жайда, терезелер, желдету арналары жабық кезде, кірпіш, сылақ тығыздығы бұзылған кезде газ аспаптарын пайдалану нәтижесінде газ түтіні сыртқа шықпай, үй-жайда улы газ жиналады! Улы газдың өте аз мөлшерінің өзі қанмен тез араласады, адам тез уланады. Бөлмеде 0,5% улы газжиналса болды, осы мөлшердің өзі 20 минуттан кейін адамның жүрегі тоқтайтындай уландырады!

Сондықтан мұржа мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуі – сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыздың кепілі, өйткені улы газбен уланудың ең көп оқиғасы мұржаның тұтастығы бұзылғандықтан немесе түтіннің тартпауынан туындайды

Есіңізде болсын! Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қауіпсіз пайдалануға және желдету арналары мен түтін мұржаларының жарамды жай-күйіне үй иелері жауапты!

Бірақ, өкінішке орай, үй иелері мұржаларды үнемі тазалап, тексеруіп тұруға салғырт қарайды.

Мұржаның тұтастығын, оның бітелмеуін және түтіннің тартылуын үнемі тексеріп отыру қажет. Қыс мезгілінде далада тұрған мұржаға мұз қатуы мүмкін, сондықтан оның мұзбен бітелмеуін үнемі тексеріп, мұржа қақпағын ашып, мұздан тазарту керек.

Жылыту маусымы: Улы газбен улану қаупі артқан

Газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде улы газ тарағанда газ беруді өшіру автоматикасы бар дабылқаққыш сигнализаторларды орнатқаныңыз жөн.

Есіңізде болсын!!! Газ – оны дұрыс пайдаланбаған кезде ғана қауіпті! Қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және сіздің отбасыңыздың амандығының кепілі!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<