Биыл ауыл шаруашылығы айналымына 33,8 мың га учаске енгізілді. І жартыжылдық нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 1,2%-ға артты.
Көктемгі егіс жұмыстарына жоспарланған 185,9 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары толық егілді, оның ішінде, негізгі дақыл күріш 78,4 мың гектарға егіліп, суға бастырылды.
Күріштен басқа дәнді дақылдармен қатар, картоп, көкөніс,бақша және мал азықтық дақылдарды орналастыру туралы шешім қабылданып, өткен жылмен салыстырғанда бұл дақылдардың көлемі 5,2 мың гектарға артық орналастырылған.
Ал, егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында қосымша соя дақылының егіс көлемі 150 гектарға, қант құмайы 352 гектарға жетті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 1482 гектар жер көлемі дайындалып, 6802 отбасыға бөлініп берілді. Бүгінгі күнге барлығы 1433 гектары егіліп, оның ішінде 461 гектар жерге картоп, 385 гектарға көкөніс, 587 гектарға бақша дақылдары егілді.
Жыл басынан бері экспортқа 27,2 мың тонна күріш, 1060,4 тонна балық, 1155,3 тонна қамыс және 155,0 тонна бидай қалдығы жіберілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<