Өндірушілерден сатып алу – өзекті мәселенің шешімі

397

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы саласында атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталды. Кеткен кемшіліктерді саралап, аталған түйткілдердің шешу жолдарын қарастырды.

Ашығын айтқанда, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің маңызы зор. Оған мүмкіндігіміз зор. Дегенмен кейбір жұмыстарды үйлестіре алмай келгеніміз жасырын емес. Солардың бірі – өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден алдын ала тікелей сатып алу жолы. Бұл мәселе көп жылдан бері тұрақты көтеріліп жүр. Менің ойымша, бұл азық-түлік өнімдерін тұрақтандыруда оң әсерін тигізеді.

Бұдан бұрын Президент тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі алдын ала сатып алу тәсілдерін кеңірек қолдана бастағаны елгілі. Білуімізше, биылғы шілдеге дейін әлеуметтік маңызы бар 47 мың тонна азық-түлікке қатысты осындай шарттар жасалған екен.

Ендігі кезекте Президент тапсырмасы негізінде өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден алдын ала тікелей сатып алу жолдары айқындалады.

Сыр өңірі де негізінен аграрлық салаға бейімделген. Бізде ауыл шаруашылығы саласында күріштен өзге көкөніс-бақша, жеміс-жидек өнімдерін молынан өндіруге толық мүмкіндік бар. Рас, кейбір шаруашылықтарда қаржылық мүмкіндігіне қарай ондай ауқымда жұмыс жасай алмауы мүмкін. Бұл орайда Президент айтқандай Ауыл шаруашылығы министрлігі осы тәсілді жетілдіру үшін тиісті қауымдастықтарды және нарық субъектілерін жұмылдыруға тиіс.

Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтар өнімді сату мәселесінде көптеген қиындық көріп жүргенін жасыра алмаймыз. Өндірілген өнімнің бәрі бірдей дүкен сөресінен табыла бермейтіні шындық. Мемлекет басшысы осындай кедергілердің бәрін біртіндеп ретке келтіру қажеттігіне тоқталды. Нақтырақ айтқанда, фермерлерге қолдау көрсету тәсілдерін бірлесе әзірлеуді тапсырды.

Қай елді де аграрлық салаға көрсетілген әрбір қамқорлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді. Сондықтан Президент айтқан мәселелерін алдағы уақытта өз деңгейінде орындалады деген сенімдемін.

Омархан ПАШКЕНОВ,

ҚР Фермерлер қауымдастығының облыстық филиал төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<