Қызылорда облысында 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

5

0

Фото: Ауыл шаруашылығы басқармасы

Қызылорда облысы бойынша 2026 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 185,8 мың гектар жерге орналастыру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаға сәйкес, күріш алқабы 70 мың гектар көлемінде белгіленді. Су лимиті бекітілгеннен кейін егіс көлемі нақты айқындалады.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүйелі жүргізілуде. 2026 жылғы егіске 20,4 мың тонна күріш тұқымы және өзге де дақылдардың қажетті тұқым қоры толық әзірленген.

Минералдық тыңайтқыштарға деген сұраныс 65,6 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда оның 13 пайызы сатып алынған. Сонымен қатар, 85,8 мың литр гербицид алу жоспарланған.

Көктемгі дала жұмыстарына 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы қатысады. Бүгінде техникаларды жөндеу және науқанға дайындау жұмыстары жүргізілуде.

«СБ ақпарат»