Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өз зерттеу алқабында күріштің отандық жаңа «Сыр сұлуы» сортына алғашқы орақ салды.
Нәтиже көңіл қуантарлық – күріштің вегетациялық кезеңі қысқа (105-110 күн), жармасының шығымы жоғары (60-62%), 1000 дәннің салмағы 35-37 грамм және барлық агротехникалық шаралар дұрыс жүргізілген жағдайда гектарына 80-85 центнерге дейін өнім алуға болады. Вегетациялық кезеңінің қысқа болуына байланысты күріштің басқа сорттарына қарағанда суды аз қажет етеді.
«Сыр сұлуы» – жергілікті климатқа, топырақтың тұздылығына төзімді, дәмдік және сапалық қасиеттері шетелдік үздік сорттардан кем түспейтін жаңа буын күріші.
Институт мамандары бұл сортты шаруашылықтарға кеңінен таратып, тұқымын көбейту үшін жұмыс жүргізуде.
«СБ» ақпарат





