«Уылдырық» шашу» акциясы жүруде

677

0

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бойынша 92 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталып, оның ішінде 5 қылмыстық іс ішкі істер органына жолданды.

87 әкімшілік хаттамалар толтырылып, оның 16 әкімшілік ісі сот орындарының қарауына  жіберілді. Сонымен қатар, акция басталғалы заңсыз балық аулағаны  үшін 71 жеке тұлғаға  765,6 мың теңге айыппұл салынды.

Табиғатқа келтірілген залалы үшін 14 тұлғадан 6186,3 мың  теңге талап етіліп өндірілуде. 1876 кг әртүрлі балық тәркіленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<