Шиеліде 23 857 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

543

0

Аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен өткен брифингте, 5 айда атқарылған жұмыстардың есебін қысқаша баяндап, кейінен қазіргі таңда өзекті болып тұрған жанар-жағар майдың тапшылығы, азық-түліктің қымбаттауы, малдың жем-шөбі секілді мәселелер айтылды.

Жыл басынан бері 3967,9 млн теңгенің өнімі өндіріліген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғында 102,8 пайызға артық болып табылады.

Ал егіннің жайына келер болсақ, биыл 30 836 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген екен. Оның негізгісі әрине күріштің үлесінде. Нақтырақ айтсақ, 12 037 гектар жерге күріш, 1200 га жерге картоп, 9461 га жерге жоңышқа, 1600 га көкеніс пен 2357 гектар баубақша өнімдері егілген. Сондай-ақ, белгілі бір мөлшерде асқабақ, жүгері, арпа, мақсары, соя дақылдары да егілген. Аудан әкімінің орынбасары малдың жем-шөбіне тоқталуды да ұмытпады, мәселен бұл бағытта 125 мың тонна шөп қорын, 28 мың тонна сабан, 540 тонна сүрлем дайындау жоспарланса, қазірдің өзінде 25 240 тонна жоңышқа дайындалып үлгерген.

Өнеркәсіп өндірісі мен кәсіпкерлік те пандемиядан кейін қайта жанданған көрінеді. Олай деуіміздің себебі, жыл басынан бері ауданда өнеркәсіп орындары арқылы 23 857 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 164,8 пайызға артық орындалған. Бөлшек сауда көлемі 115,9 пайзыға артып, 3 млрд. 003 теңгені құраған. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсініп, кәсібін кеңейтіп отырған азаматтар да бар. Биылғы жылдың 5 айында осындай түрлі бағдарламалар арқылы 220 жоба қаржыландырылып, 380 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<