Жаңақорғанда әлеуметтік азық-түлік бұрышы ашылды

743

0

(сурет интернеттен)

Кеше аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемовтің қатысуымен Жаңақорған кентінде орналасқан «Айсара» дара кәсіпкерлігінің жетекшісі Нұржан Палмановтың иелігіндегі «Заңғар» сауда үйінің ішінен 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сөресінің бұрышы ашылды.

Аудан әкімі Руслан Рүстемов арнайы әлеуметтік сөрелер бұрышын ашу мақсатында жыл басынан бері кент орталығындағы 5 ірі сауда үйлерін облыстық «Байқоңыр кәсіпкерлерді қолдау корпорациясы» акционерлік қоғамына ұсынғанымызбен келісім шартта көрсетілген азық-түлік бағаларының тым төмен екендігіне кәсіпкерлеріміздің келіспеушілік салдарынан шешімін таппай келгендігі туралы ашып айтты. Алайда, бүгін өздеріңіз куә болып отырған осы «Заңғар» сауда үйінің иесі Нұржан Палманов «Байқоңыр Кқк» АҚ-ң барлық төмен пайызды бағадағы шарт талаптарымен келісіп бір жолғы қолдау ретіндегі қайтарымды заем қаржысын алуға тәуекелді қадам жасап отырғандығы жөнінде атап айтқан аудан басшысы кәсіпкердің игілікті қайырымды жаңа бастамасына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, ауданымыздың ауылшаруашылығы саласының ардагері Керімхан Егізбаев осындай әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бұрышын ашуды кәсіпкерлердің белсенділігі арқылы көбейтіп қайырымдылық ретінде қалыптастыру қажеттігі туралы пікірін жеткізді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық түліктердің төмен пайызды бағаларына түсініктеме беріп, аталған бұрыш аты айтып тұрғандай әлеуеті төмен аз қамтылған отбастарына белгіленген мөлшерлемен қызмет көрсететіндігін назарға алу қажеттігін ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<