«Ән қанатындағы Арал» республикалық жабық ән конкурсының ережесі

42

0

Арал ауданы әкімдігінің қолдауы­мен Арал тақырыбындағы әндерден «Ән қанатындағы Арал» атты респуб­ликалық жабық ән конкурсы жарияланады.

Конкурстың мақсаты

– Қазақ елінің рухани құндылығын дәріптеу, ұлттық музыка өнерін дамыту, сазгерлер шығармашылығын қолдау және жаңа авторлық туындыларды көпшілікке таныту.

– Арал өңірінің тарихы, табиғаты мен рухани келбетін насихаттайтын жаңа әндер қорын қалыптастырып, елге, жерге, туған өлкенің тағдыры мен болашағына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Конкурс шарты мен талабы

– Конкурсқа республиканың бар­лық өңірлерінен кәсіби және әуесқой сазгерлер қатыса алады;

– Қатысушының жасы мен кәсіби дәрежесіне шектеу қойылмайды;

– Конкурсқа жеке автор немесе авторлар тобы (сазгер мен ақын және әнші бірлесе) қатыса алады.

– Шығарма Арал тақырыбына ар­налған ән болуы тиіс (табиғаты, та­ри­хы, адамдары, теңізге деген сағы­ныш, елге құрмет, туған жер рухы, т.б.);

– Конкурс барысында әннің құры­лымына, сөз мәтінінің тақырыпты аша білуіне, әнді орындаушының шебер­лігіне баса назар аударылады.

Конкурсқа ұсынылатын туынды:

– Ән жаңа, бұрын көпшілік алдында орындалмаған және ешбір байқауға қатыспаған болуы керек;

– Әннің сөзі мен музыкасына бір­дей мән беріледі;

– Орындау уақыты 4 минуттан аспауы тиіс;

– Қатысатын үміткер өз туындысын электронды нұсқада – флешкаға түсірілген (+1) аудио нұсқа, бұған қоса әннің клавирі мен сөз мәтінін Word форматында ұйымдастыру комитетіне конвертке салып жібереді.

Марапаттау рәсімі

Конкурсқа түскен композиторлар­дың әндері республикамызға белгілі музыка мамандары мен ақындар, ком­позиторлардан құрылған қазылар алқа­сының жабық отырысында тыңдалып, талқыланады.

– Конкурсқа 2025 жылдың 22 қара­шасынан бастап 2026 жылдың 27 ақпанына дейінгі өтінімдер қабылда­нады;

– «Үздік» деп танылған шығар­малар БАҚ-та жарияланады.

Байқау қорытындысы бойынша саз­­герлерге төмендегідей жүлделі орын­дар тағайындалады:

Бас жүлде – 2000000 теңге.

І орын – 1000000 теңге.

ІІ орын – 700000 теңге.

ІІІ орын – 500000 теңге.

Қазылар алқасы құқылы

Барлық сыйлықтарды тағайында­мауға;

Бір сыйлықты бірнеше жеңімпазға бөлуге;

(Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды)

Жүлде иеленген сазгерлердің әні Арал ауданының әні болып бекітіліп, әлеуметтік желіде жарияланады.

Жүлдегер әннің авторлық құқығы ұйымдастыру алқасының иелігіне өтеді. Яғни, кез келген мәдени шарада пайдалана алатын болады.

Үміткерлерге қажетті құжаттар

«Арал аудандық мәдениет үйі» мекемесіне ұсынған жолдама;

Жеке куәлік көшірмесі;

Үміткердің шығармашылық өмір­баяны;

Жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;

13*18 көлемдегі түрлі-түсті екі фотосурет (электронды нұсқасы міндетті түрде);

Конкурсқа ұсынылған туындының толық нұсқасы.

Қорытынды

Мекен жайымыз: Конкурсқа тапсырыстар төмендегі мекен-жайда қа­был­данады. Қызылорда облысы Арал қала­сы, Бақтыбай батыр №115.

«Арал аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Байланыс телефондары: /8724 33/ 2 44 49.

8775 618 37 90 /Сәнім, Гүлшат/

8705 824 74 32 /Айдар/

Эл.пошта: aral_rdk@mail.kz

Қазпошта индексі: 120100