«Есірткісіз өмір ғажайып!»

188

0

Фото: kazgazeta.kz

Есірткі – адам өміріндегі ең үлкен қауіптің бірі. Ол бір сәттік қызығушылықпен басталып, кейін өмірді толықтай бұзады, армандарды ұрлайды және денсаулыққа қауіпті әсер етеді. Бір рет қателескен адам өз болашағын өз қолымен қиып алады. Ал өмір – бір рет берілетін, баға жетпес сый.

Мен жастарды, достарымды және барлық замандастарымды өмірді сүйіп, таза сана мен мықты ерікке сүйенуге шақырамын. Спортпен айналысу, өнермен шұғылдану, білім алу – нағыз еркіндік пен бақыттың кілті. Есірткісіз өмір – денсаулығың мен армандарыңның кепілі.

Өмірдің әр сәтін бағалай білейік, ата-анамыздың сенімін ақтайық, достарымызға үлгі болайық. Өз болашағымызды қорғайық. Қиындықтарды еңсеріп, армандарымызға жетейік.

Өмірге – Иә! Есірткіге – Жоқ!

Бірғаным Құралбай,

Ә.Әбутәліпов атындағы №209 орта мектебі

8-сынып оқушысы,

Жаңақорған ауданы