23 мыңнан астам оқушы қаржылай көмек алды

525

0

Ағымдағы жылы «Жалпыға міндетті білім беру» қоры есебінен көмекке мұқтаж отбасы ретінде облыста 31 322 бала есепке алынған болатын. Бүгінде 23 888 оқушы аталмыш қор арқылы қаржылай көмекті алып үлгерді.

Айта кетейік, биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі қаржылай көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Егер бұрын өңірлерде бөлінген сома 17 мыңнан 40 мыңға дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылып, кемінде 37 389 теңгені құрайды.

Көмек беру тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға қаржы балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және т.б. өз бетінше таңдай алуы үшін банктегі шотына аударылады. Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және тауардың өлшеміне, сапасына, т.б. қатысты мәселелер туындайтын.

«Бұл көмек арқылы ата-аналар өздерінің банктегі шотына ақшаны тікелей алып, балаларына мектеп формасын, кеңсе тауарларын және аяқ киімін өз бетінше таңдай алады. Мұның артықшылығы – бала ата-анасымен бірге таңдаған киіммен мектепке бара алуында. Қазіргі таңда 23 мыңның үстінде балаға 37 389 теңгеден қаржылай көмекті аудардық. Алдағы күндерде қалған тізімдегі оқушыларды толық қамтитын боламыз», – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов.

Естеріңізге сала кетейік, «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар алады. Ал бұл қор арқылы қаржы алмайтын балаларға демеушілер есебінен материалдық көмек көрсетілуде.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<