32 жылдан кейінгі алтын

7

0

Фото: ҰОК

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында отандасымыз Михаил Шайдоров жеңіс тұғырынан көрінді. Ол қысқа бағдарламадағы 92.94 ұпай және еркін бағдарламадағы 198.64 ұпайды қосқанда 291.58 ұпаймен бірінші орын алды.  Осылайша қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, бұл Қа­зақстан құрама­сы­ның 2026 жылғы қысқы Олимпиада­сын­дағы ал­ғашқы және қысқы Олимпиада тарихындағы екін­ші алтын медалі. Елі­мізден бұ­дан бұрын 1994 жы­лы шаңғы спортынан Владимир Смирнов мәре сызығын бірінші бо­лып қиып, барша жұртты үлкен қуанышқа бө­леген еді. Сондай-ақ ел құра­масы қор­жынына дүбірлі дода ба­ры­сында араға 8 жыл салып жүлде түсті. Мәнерлеп сыр­ға­нау спортынан 2014 жылы Денис Тен Сочиде қола жүлдегер болды.

Отандасымыз «Confessa» және «The Diva Dance» әнін таңдады. Сонымен қатар, Михаил алғашқы техникалық элементке үштік аксель, бір эйлер және төрттік сальхау жасап, сәтті орындап шықты.

Михаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Отан­дасымыз 2022 жылы жас­өспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында күміс алды.

Ол үшін өткен жыл табыс­ты болды. АҚШ-тың Бостон қаласында ересектер ара­сын­дағы Әлем чемпионатында кү­міс алса, төрт құрлық чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Харбиндегі Азия ойындарында отандасымыз үздік үштікті түйіндеді.

Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиа­да чемпионы Михаил Шайдоров өзіне қолдау білдірген барша отандастарына алғыс білдірді. Бұл жөнінде спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.

– Маған қолдау білдірген барша отандастарыма риза­шы­лығымды жеткізгім келеді. Сондай-ақ біздің дайын­ды­­ғымызға ерекше қолдау көр­сеткен Мемлекет басшы­сына алғыс айтамын. Еліміздің мә­нерлеп сырғанау феде­ра­циясының президенті Бауыржан Ералы кейінгі жылдары үлкен еңбек сіңірді. Менің жарысқа қатысуым барысында трибуна және көгілдір экран арқылы қолдау көрсеткен бар­ша қазақстандықтар мен жан­күйерлерге ризашылы­ғымды жеткізгім келеді, – деді Михаил Шайдоров.

Әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген қалың ел­дің қошеметіне бөленген Ми­хаилға өз атынан автокөлік сыйласа, қазақстандық кәсіп­керлер оған үш бөлмелі пәтер мен әкесіне автокөлік сыйлайтынын жария етті.

«Altimus» чемпион атанды

Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде ауған соғысының ардагері Батыржан Шалғымбаевты еске алуға арналған футзалдан турнир мәресіне жетті. Биыл отызыншы мәрте жалауын көтерген жарысқа көптеген команда қатысты. 

Жарыс барысында командалар алдымен топтық кезеңде сынға түсті. Әрбір топтан үздік шыққаны жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл турнирде «Altimus» командасы бірінші орынды еншіледі. Екінші орынға «Кентау» командасы ие болса, «Адам-Арафат» үздік үштікті түйіндеді.

Әділжан ҮМБЕТ,

«Сыр бойы»