«Абай» операсының премьерасы

126

0

Кеше «Өнер орталығында» ұлы ойшыл, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті. Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары тамашалады.

«Абай» трагедиясы – еліміздің мәдени өмірін дүр сілкіндірген қай­таланбас кесек туынды. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қолға алынып, М.Әуез­ов шығармашылығының ма­ңызды бағыты болған Абайдай ғұ­ламаның тақырыбы, қайталанбас кел­беті сахнада сомдалған бейнесі ар­қылы да халқының жүрегінен орын алды. Мұхтар Әуезовтің либ­реттосына жазылған Ахмет Жұ­бан­ов пен Латиф Хамидидің ай­тулы операсы тек жақсы мен жа­ман­­ның айқасын бейнелеген қо­йылым ғана емес, қазақ халқының жан дү­ниесінің алуандығы мен те­реңдігін көрсететін айна, көшпелі өмірдің бірегей салты мен философиясын паш ететін тағылымды туынды.

Кейіпкердің ой тереңдігін, сөзі­нің өткірлігін, тіл шеберлігін, азамат ретіндегі беделін филармония артистері негізгі қалпын сақтап, ас­қан шеберлікпен көрермен қауымға жеткізді.

Ерекше классика кешін халық­ара­лық және республикалық кон­курс­­тардың лауреаты Рустам Рыс­ма­­ғамбетовтің дирижерлік етуімен облыстық симфония оркестрі сүйе­мелдеді. Оркестрдің көркемдік же­­текшісі және бас дирижері – Қа­­зақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, профессор Мүсілім Әмзе. Тұтас сахналанған операға аралас хор ұжымы (көркемдік жетекшісі – А.Қуаныш), «Томирис» би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты М.Тойбазарова), «Ai-Aru» заманауи би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және рес­публикалық конкурстардың лауреа­ты З.Ыстықбаева), «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы, (көр­­кемдік жетекшісі – Қ.Боранбаев) жә­не фи­лармония солистері қаты­сып, көрер­менге маңызы терең, фи­ло­со­фияға толы мәдени демалыс сыйлады.

Операның қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әзиза Іздіқұлова.

Абайдың жеке өмірі, шығарма­шылығы мен оны тұлға ретінде ай­шықтауға арналған бұл туынды ұлт­тық рухты оятатын, қоғамды бір­­лікке бастайтын зор қозғаушы күш­ке ие. Абай шығармашылығын, оның ғұмырнамалық, мәдени-ру­ха­ни мұра­ларын сан алуан үлгіде  насихаттау қазіргі қазақ руханияты үшін аса қажет.

«СБ» ақпарат