Әкім сайлауы: «Мерейлі отбасы» жеңімпазы әулетімен дауыс берді

379

0

Фото: Сайлау комиссиясы

Бүгін – Шиелі ауданы әкімінің сайлауы өткізілуде. ҚР Сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталды.


Сайлаушылар тізіміне 50 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Аудан бойынша 40 учаске ашылып, 272 учаскелік комиссия мүшелері қызмет атқаруда.


Учаскеге ерте келген ең жас, ең қарт сайлаушыға арнайы сыйлықтар ұйымдастырылуда.
Учаске келе алмайтын азаматтар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі бар. Олар әрбір учаскеге сағат 12.00-ге дейін өтініш қалдыруы керек. Әрі қарай учаскедегі комиссияның 2 мүшесі тасымалданатын жәшік арқылы дауыс беруді ұйымдастырады.
Маңызды саяси науқанға отбасымен бірге келген сайлаушылардың қатары артуда. Бәйтерек ауылдық округіндегі №302 учаскеге келген «Мерейлі отбасы» конкурсынының ІІ орын иегері Тұрмановтар әулеті өз таңдауын жасап, ақ батасын берді. 82 жастағы қария әрбір дауыс беруші азамат туған өлкесінің дамуына зор жауапкершілікпен қарап, науқанға атсалысып, азаматтық белсенділік танытуы керек деді.


Тағы бір учаскеге келген 85 жастағы Қажымұқан Әбенов алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

– Осы ауылдық тұрғыны ғана емес, жанашыр ақсақалы ретінде аудан әкімінің сайлауына ерекше мән береміз. Туған жерін шексіз қадірлей білетін, іскер, белсенді азаматтың аудан әкімі болғанын қалаймыз. Сол үшін де таң сәріден ерте тұрып дауыс беруге асықтым,-деді Қажымұқан Әбенов.
Айта кетейік, аудан әкімі болуға үмітті 3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді. Олардың 1-і саяси партия атынан, 2-і өзін-өзі ұсынған.
Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<