Дала заңының бүгінгі жалғасы

4

0

«Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен еліміздің жаңа Конституциясының қабылдануына орай мерекелік салтанатты жиын өтті.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа Ата Заңның қабылдануымен құттықтады.

– Президентіміз «Біз Халық Конс­титуциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне оты­рып қабылдадық. Ата Заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақ­стан­ның жаңа Жарғысы. Жаңа Консти­туция – көне заманнан бері баба­лары­мызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі» деп атап өтті.

Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіз­ді­гімізді, аумақтық тұтас­тығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқық­тары мен бостандықтарын қорғайды. Елімізді тың жетістіктер мен табыс­тарға бастайды.

Біртұтас Қазақстан халқының бар­лық мақсат-мүддесі қамтылған халық­тық Конституция еліміздің тыныш­тығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ақордада өткен салтанатты жиын­да Президентіміз бүкіл халық атынан жаңа Ата Заңымызға, «Конституция­ны іске асыру жөніндегі шаралар тура­лы» Жарлыққа қол қойды. Халық Конс­титуциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Енді Кон­сти­туция күнін мемлекеттік мере­ке ретінде ұлттық деңгейде жыл са­йын 15 наурызда атап өтетін боламыз.

Баршаңызды жаңа Ата Заңы­мыздың қабылдануымен шын жүрек­тен құттықтаймын, – деді облыс әкімі.

Жиында елдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына, заңдылық пен тәр­тіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан аза­маттар «Парасат», «Құрмет» ор­ден­­­дерімен, Қызылорда облысының Құр­мет грамотасымен және облыс әкі­­­мі­нің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік салтанат «Томирис» би ансамблінің, Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрінің, аймақ өнер­паз­дарының концертімен жал­ғасты.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған заманауи «Құзыреттілік ор­та­лығы», тұрғын үй кезегінде тұр­ған жер­лестерімізге 400 пәтердің кілті табыс­талды. Сонымен қатар, «Таза Қа­зақстан» жалпыұлттық жобасы ая­сында жаңғыртылған Президент сая­бағы ел игілігіне пайдалануға берілді.