Егінге орақ түсті

1132

0

Бүгін шағандық дихандар егінге орақ салды. №6 өндіріс бригадасында ұйымдастырылған дала еңбеккерлерінің мерекесіне аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, шаруаларды құттықтады.

– Баршаңызды бүгінгі егін орақ түсу қуанышымен құттықтаймын. Ауыл шаруашылығы құрылымдарынан алынған мәліметке сәйкес, өткен жылғыдан да жоғары өнім өндіріледі деп күтілуде. Ол дихан қауымының ала жаздай төккен тері мен ерен еңбегімен келетіні белгілі. Ендігі мақсатымыз адам күшімен барлық материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдырып, егінді қысқа мерзімде төкпей – шашпай жинап алу. Оған толық мүмкіндігіміз бар. Ендеше шағандық дихандардың қамбасы астыққа толсын, – деді өз сөзінде аудан басшысы.

Жеңісбек Сыздықов басқаратын «Шаған жер» шаруашылығы егістік алқапқа күріш егіп, одан мол өнім алып келеді. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, ауданның аграрлық саласын дамытуда өз үлесін қосуда.

Айта кету керек, серіктестік биылғы жылы 2 900 гектар алқапқа күріш орналастырып, одан мол өнім алуға ниетті. Сонымен қатар бидай, жоңышқа, жаңа жоңышқа және бақша дақылдарын егіп, әртараптандыру бағыты бойынша жүйелі жұмыс жасауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<