Креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды

150

0

Фото: Үкіметтің телеграм арнасынан

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде креативті индустрияны дамыту, мәдениет саласын цифрландыру мәселелері қаралды.

Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала бас­шыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өт­кізі­летін ірі шаралар, жаңа жо­балар бойынша нақты ұсы­ныстар әзірлеуді тапсырды.

– Креативті индустрия субъек­тілеріне талдау жүргізіп, олардың санын арттыру, аудандардағы «Руха­ният орталықтарында» креа­тивті хаб бұрыштарының жұ­­мысын күшейту керек. Мем­лекеттік архивтер мен мемлекеттік мекемелердің «Е-Архив» ақ­параттық жүйесіндегі жұмысына ай сайын мониторинг жүргізіңіздер. Мекемелерге электрондық құжат­тарды реттеп, архивке тапсыруға дайындау үшін әдістемелік, прак­тикалық көмек көрсетіп, оқыту семинарларын өткізіңіздер, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі жиында әскер қатарының то­лы­ғуы еліміздің қауіпсіздігі мен ты­ныштығының кепілі екенін атап өтіп, әскерге шақырылушылардың шақыру пункт­теріне уақытылы және толық келуін қамтамасыз етуді тапсырды.

– Жоспардың орындалуы қатаң бақыланып, әскерге барудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру, заңға сәйкес тиісті шара қабылдау керек, – деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<