Мәслихаттың кезектен тыс XVІІІ сессиясы өтті

1067

0

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVІІІ сессиясы өтті. Сессияны облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жүргізді.

Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағын беру, Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту, облыстық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу және Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Әр мәселе бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасады. Жиында аппарат басшысының міндетін атқарушы Ерлан Қарабалаев депутаттарға «Құрметті азамат» атағына лайық деп ұсынылған азаматтардың еңбегі мен өңірге жасаған жетістіктерін тізбелеп берді.

С.Қожаниязов ұсынылған 7 кандидаттың әрбірі Тәуелсіз Қазақстанның даму жылнамасында өзіндік із қалдырып, мемлекет мүддесіне қызмет етудің абыройлы жол екенін дәлелдеп, қоғам құрметіне ие болған тұлғалар екенін айтып, депутаттарды қолдауға шақырды.

«Биыл үміткерлердің саны көп көрінуі мүмкін. Бұл атаққа кезінде осындай көлемде бірнеше рет ұсыныс жасалып, берілген болатын. Құрметті атаққа лайықты қайраткерлеріміз жеткілікті. Осы уақытқа дейін жинаған абыройларының жемісін көргені жақсы дәстүр деп санаймыз.

Бұл марапаттарды атаулы күндерде яғни педагогтердің Тамыз мәслихаты, Конституция күнінде, «Алтын Күз» және «Рәміздер күнінің 30 жылдығы» мерекелік даталарда салтанатты түрде табыстайтын боламыз,-деді С.Қожаниязов.

Ұсынылған кандидаттар арасында саналы ғұмырын білім саласына арнаған қос ардагер Төлепберген Қасымов пен Марк Подольский, ауылшаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосып, ел игілігі жолында қызмет еткен Жарылқасын Шәріпов, белгілі сәулетші, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков пен Түркі әлеміне ортақ жауһар туындылардың әлемнің танылуына және кейінгі ұрпаққа насихаттауда айрықша қолтаңбасы бар профессор Алмасбек Алматов бар.

Сонымен қатар А.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығының директоры, ғалым Болатбек Баймаханов және туған жерді түлетуге зор үлес қосқан кәсіпкер Имамзада Шағыртаев ұсынылды.

Депутаттар барлық кандидаттарды лайық деп танып, қолдап дауыс берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Мәслихаттың кезектен тыс XVІІІ сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс XVІІІ сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс XVІІІ сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс XVІІІ сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс XVІІІ сессиясы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<