Мемлекет басшысы: Қазақстан өтпелі кезеңге қадам басты

7

0

Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы еліміздің қазіргі даму кезеңіне және жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды өзгерістер кезеңіне аяқ басты.

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары жөнінде баяндама жасағанын еске салды. Соңғы жарты жыл көлемінде қоғамда Конституцияға қатысты жан-жақты әрі ашық пікір алмасу жүргені атап өтілді.

Осы ұсыныстарды жүйелеу және жан-жақты сараптау мақсатында 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылған. Президент бұл комиссияны ауқымы мен кәсіби деңгейі жағынан еліміз үшін теңдесі жоқ құрылым деп бағалады. Сонымен қатар, бұл жолы комиссия құрамына шетелдік сарапшылар кірмегені ерекше атап өтілді.

Аталған жұмыс конституциялық реформаны ұлттық мүдде мен ішкі сұранысқа сай жүзеге асыруға бағытталған.