Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатты

297

0

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Президенттің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада. 

Бұл лауазымға Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.