Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында Қызылорда облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Жандос Еркінбек тағайындалды.
Еркінбек Жандос 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысындағы Отар әскери бөлімінде әскери қызметші болып бастаған.
Әр жылдары әскери қызметте және стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жауапты қызметтер атқарды.
2019-2021 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы лауазымында, 2021 жылдан осы кезге дейін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Еркінбек Жандос жастайынан әскери қызметте шыңдалған, қызметте мол тәжірибе жинаған, кәсіби іскер маман.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары ретінде қайта ұйымдастырылған жұмылдыру, аумақтық қорғаныс бөлімдеріне жетекшілік жасайтын болады.
Өңір басшысы Еркінбек Жандостың қызметіне сәттілік тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<