Облыс әкімі Таң ауылында болды

498

0

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жалағаш ауданындағы «Таң» ауылында болды. «ТАҢ ЛТД» серіктестігінің егіс алқабына барып, ауылшаруашылығы саласындағы әртараптандыру бағытында мамандармен пікір алмасты.

Ауылда мемлекеттік бағдарламалар арқылы 569,2 млн.теңгеге 14 көшенің орташа жөндеу, 333,2 млн.теңгеге мектепке күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, 140 млн.теңгеге дәрігерлік амбулатория салынған.

Мұнан бөлек, «Таң ЛТД» ЖШС-і жеке қаражаты есебінен Таң елді мекенін абаттандыру және тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру бағыттарына 701 млн.теңге қаржы бөлді. Яғни меценат азаматтың арқасында ауылда мешіт ғимараты жөңделіп, бөбекжай қайта жаңғыртылып, спорт кешені ғимаратының құрылысы жүрген. Сонымен бірге 150 млн.теңгеге ет өңдеу цехының құрылысы бастау алған.

Облыс әкімі өнім өндіру мәселесіне тоқталды. Сырттан келетін өнімдерге деген тәуелділікті төмендету үшін ауылдардың ауыл шаруашылық әлеуеті жоғары болуы керек. Бұл ретте шаруалар орақ түсу маусымына толықтай дайын.

– Өнімнің мол болғаны халықтың еңбегінің қайтқаны. Президенттің, Үкімет басшысының қолдауы негізінде биыл су көлемі былтырғы жылғыдан жоғары болды. Бірлескен келіссөздердің арқасында аймақта айтарлықтай қиыншылық туындамады. Келесі жылы да мол өнім алу үшін жерді алдын ала дайындап, егіс алқаптарына қажетті жұмысты осы кезден бастап анықтау қажет. Астықтың көлемі мол болып, қажеттілікті толық өтей алсақ, азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты түрде ұстап тұра аламыз. Егін егуге икемі бар отбасыларға бос жерлерді табыстап, егін егу мәселесін де тапсырдым. Бақша дақылдарын өзіміз өндірсек, сырт өңірдің өнімдеріне деген сұранысты болдырмаймыз,-деді Н.Нәлібаев.

Биыл серіктестікте 25 мың тонна күріш өндіріледі деп жоспарланған. Тамыз айының үшінші онкүндігінде күрішке орақ түспек.

Айта кетейік, ауылда биылғы жылы спорт кешенін ұлғайту мақсатында 150 спортшыға арналған кешеннің іргетасы қалануда. Нысан 2023 жылы ел игілігіне берілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<