Бірлік күні Қызылорда өңірінде аға буын өкілдері мен жастар Тұңғыш Президент саябағына келіп, түрлі көшет отырғызды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2022/05/koeshet-egw1.jpg)
Игі іс-шараға зиялы қауыммен бірге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жастарға сүйікті қала Қызылорданы жасыл-желекке айналдыру ортақ мақсат екенін жеткізді. Сондай-ақ, тұрақтылық пен татулық бірліктің басты құндылықтары екенін еске салды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2022/05/koeshet-egw2.jpg)
Саябақ алаңын жасыл желекке көмкерген жастар ардагерлермен бірге түрлі көшеттер мен өмір ағашын (туя), отырғызды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2022/05/koeshet-egw4-1024x699.jpg)
Айта кетейік, әр апта сайын қызылордалықтар экологиялық акцияға үн қосып, қала тазалығына белсенді түрде атсалысып келеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<