Облыс әкімінің құттықтауы

1058

0

ото: ашық дереккөз

Ардақты аналар!

Аяулы әпке-қарындастар!

Қыр қызғалдағындай қырмызы қыздар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Жыл сайын көрікті көктем келіп, Жер-ана түрленгенде, тіршілік бастауы мен әдеміліктің үйлесіміндей әйелдер мерекесін атап өтеміз.

Нәзік жандардың қоғамдағы орнын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағамдап, құрмет көрсетеміз. Әр үйдің жылуы мен жарығы, бағы мен берекесі болған жандарды қуантуға асығамыз.

Тәуелсіз елімізде отбасы институтының өркендеуіне, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдауға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге басымдық беріліп келеді.

Бүгінде аймақтағы білім, денсаулық сақтау, мәдениет, мемлекеттік қызмет салаларында әйелдер үлесі басым. Олардың белсенді, тындырымды жұмысы абыройға ие. Шаңырақтың түтінін түзу ұшырып, өмірге ұрпақ әкелумен қатар қоғамдағы орнын да нықтаған жандар үлгі тұтуға лайық.  

Гүл көктемнің шуақты мерекесінде баршаңызға зор денсаулық тілеймін. Отанымыздың бір бөлшегі – отбасында бақытқа бөленіп, еңбекте, кәсіпте табысқа кенеле беріңіздер!

Әйелдер мерекесі әлемді әдемілігімен әрлендірсін, әсерімен әлдилесін!

Құрметпен,

облыс әкімі

Нұрлыбек Нәлібаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<