Облыс әкімінің құттықтауы

336

0

Сурет ашық дереккөзден

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері!

Қадірлі сала ардагерлері!

Баршаңызды төл кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, экономикалық-экологиялық қорымыз.

Биыл облыста бұл саланың негізі қаланғанына 90 жыл толды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек» деп атап өтті.

Сыр өңірінде орман шаруашылығын өркендетудің, табиғатты қорғаудың жылдар бойы қалыптасқан жүйесі бар. Еліміздің шөлді аймағында орналасқандықтан, тұрғындардың тыныс-тіршілігінде айрықша орны бар саланы уақыт талабына сай  дамыту өте маңызды.

Сіздер қыстың қақаған суығына, жаздың аптап ыстығына қарамастан аянбай еңбек етіп, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Сыр елінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау және молықтыруға өңір тұрғындары ауызбірлікпен жұмылып, ортақ іске өздеріңізбен бірге зор үлес қоса береді деп сенемін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін!

Туған жеріміздің табиғаты түрленіп, ауасы тазарып, халқымыздың береке-бірлігі арта бергей!

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі

Нұрлыбек Нәлібаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<