Облыстық мемкірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

652

0

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Ғани Аманов осы уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер комитеті кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғани Аманов 1979 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 2020 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша бакалавриатын, 2002 жылы магистратурасын, 2019 жылы «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы облысы бойынша салық комитетінде салық инспекторы ретінде бастап, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, облыстық департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап «Астана – жаңа қала» салық департаменті басшысының орынбасары, 2010-2014жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшыcының орынбасары, 2014-2015 жж. – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы.

2015-2021 жж. квазимемлекеттік сектор компанияларында басшылық қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ МКК Кадрлар және ішкі әкімшілендіру департаменті директоры қызметін атқарды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Салық қызметінің үздігі» төсбелгісімен наградталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<