Облыстық соттың жаңа төрағасы таныстырылды

637

0

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов облыс активіне және сот корпусына Қызылорда облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Шығамбаев Әділхады Жұмабайұлын таныстырды.

Шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мекеме басшылары, ардагерлер және судьялар қатысты.

Н.Шәріпов өз сөзінде, Ә. Шығамбаев өзінің кәсібилігі мен көп жылдық сот саласындағы тәжірибесін сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың соттарға деген сенімін арттыру үшін жұмсайтынына сенім білдірді.

Шара барысында облыс әкімі Н.Нәлібаев пен отставкадағы судья А.Әнуарбеков, Билер Кеңесінің мүшесі Ш.Төребаев сөз сөйлеп, сот төрағасының қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жиында осы Жарлықпен тағайындалған өзгеде төрағалар мен судьялар таныстырылды.

Қысқаша мәлімет:

Шығамбаев Әділхады Жұмабайұлы 1968 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1994-1998 жылдары Алматы қаласы, Әуезов аудандық прокуратурасында аға тергеушінің стажері, аға тергеуші, Алматы қалалық прокуратурасында аса қауіпті қылмысты анықтау бөлімінде аса ауыр істер бойынша тергеушісі.

1998 жылдан бастап Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының судьясы, төрағасы, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болған.

Ал, 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып қызмет атқарған.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<