Өңірдегі істерге оң бағасын берді

544

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова және «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан халқы Ассам­блеясының мерейлі 30 жылдығы аясында өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды.

Қызылорда облысында білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте еңбек ететін, мемлекеттік жас­тар саясатының дамуына өзіндік үлесін қосқандарға облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы жыл сайын табысталып келеді. Баспанаға мұқтаждық мәселесін шешу үшін «Сыр жастары» бағдарламасы қолға алынды. Оған облыстық бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1,2 млрд теңге бөлінді.

«Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамтуға бағытталған, өңірлік тың жоба, аймақ жастарын қолдау мен қамқорлықтың жарқын үлгісі.

Аудан орталықтарының бар­лығында типтік үлгідегі «Ру­ханият орталықтары» бой кө­терді. Бұл ғимаратта ардагерлер, аналар кеңесі, архив, музей, жастар орталықтарымен бірге Ассамблея мү­шелеріне де «Қоғамдық келісім» ка­бинеті қарастырылған. Онда жергілікті этномәдени бірлестіктер бас қосады. Облыстық этномәдени бірлестіктер «Достық үйінде», ал аудандарда «Ру­ханият орталықтарында» белсенді жұмыс жасап, этносаралық қатынастың ны­ғаюына септігін тигізе бермек. Биыл Қызылорда қаласындағы Бейбарыс сұл­тан көшесінің бойынан жаңа үлгідегі «Достық үйінің» құрылысы басталды. Ғимарат келер жылы ел игілігіне беріледі.

Нурия Ниязова мен Тимур Жұмыр­баев Сыр елінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, осы істердің барлығы жастардың, этнос өкілдерінің, жалпы тұрғындар арасындағы татулықты, келі­сімді одан әрі нығайтатынын айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі